Мемлекет басшысы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заңға қол қойды

838

Мемлекет басшысы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Заң Қазақстан Республикасы президентінің заңнамалық белгіленген жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған. 

Конституциялық заңға енгізілетін аталған түзетулер "Президент туралы", "Үкімет туралы", "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу