Мемлекет басшысы оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды тапсырды

559

Мұғалімдерді даярлау жүйесі және оқу бағдарламалары ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

Мемлекет басшысы оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Ғимараттар мен сыныптар ғана емес, сондай-ақ мұғалімдерді даярлау жүйесі және оқу бағдарламалары ең жоғары стандарттарға сәйкес келуі тиіс. 

Тағы бір маңызды мәселе. Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық.

Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын. Жалпы, барлық оқыту үдерісін барынша цифрландыру қажет", деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу