Мемлекет басшысы Ольга Рыпакованы құттықтады

931

Кеше Бүкіләлемдік әскери ойындарында Ольга Рыпакова жеңімпаз атанған болатын.  

Мемлекет басшысы Ольга Рыпакованы құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына  Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медальді жеңіп алған жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады.

"Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі, биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың, тек алға!" - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу