Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

343

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.  

Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін", –  делінген құттықтау жеделхатта.

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу