Мемлекет басшысы Orano S.A. компаниясының президенті Николя Масты қабылдады

119

Қасым-Жомарт Тоқаев Orano S.A. компаниясының Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуда әлеуеті зор екеніне назар аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Orano S.A. компаниясының президенті Николя Масты қабылдады Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы аталған серіктестік елімізде жоғары технологияны ілгерілетуге, сонымен қатар Францияны қауіпсіз әрі сенімді табиғи уранмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесуде ғылыми-техникалық, сондай-ақ сирек кездесетін металл өндіру мен өңдеу саласындағы қазақ-француз стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланды.

Orano S.A. – халықаралық ірі өнеркәсіп компаниясы, Франциядағы атом өнеркәсібінің көшбасшысы. Былтыр компанияның кірісі 4,8 миллиард еуроны құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу