Мемлекет басшысы Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті

457

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті.

Мемлекет басшысы Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушылары – Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен, Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен және Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесті.

Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жаңғыруларға оң баға берді.

Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, елдеріміз арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында халықтарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу