Мемлекет басшысы осы жылы 11 облыста жұмыс сапарымен болды

Өңірлерде 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысанмен танысқан.

Мемлекет басшысы осы жылы 11 облыста жұмыс сапарымен болды Фото: Ақорда

Сонымен қатар, ел Президенті мемлекет басшыларымен 49 мәрте телефон арқылы сөйлескен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Ол Мемлекет басшысының жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасаған. 

Президент осы жылы жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңірінде болған. Сондай-ақ, ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысса, елдің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізгені белгілі болды. 

– Ең әуелі, жыл басындағы ақжолтай жаңалықты айта кеткен абзал. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қаңтарда "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Жарлыққа қол қойды. Жетіген ауылы Алатау қаласы болып қайта құрылды. Осылайша, келешекте Алматы мен Қонаевтың ортасында бой көтеретін Alatau City қаласының іргесі қаланды. Бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан жаңа урбанистік жобаны жүзеге асыруға шетелдік инвесторлар айрықша қызығушылық танытып отыр. Президент Сингапур сапарында және одан кейін де әлеуетті инвесторлармен кездесіп, Алматы агломерациясын өркендеген экономикалық аймаққа айналдыруды көздейтін жобаның жай-жапсарын талқылады, – деп жазды Б.Уәли.

Президент кеңесшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 рет шет мемлекетке сапарлағанын, 19 халықаралық форум мен саммит жұмысына атсалысқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол халықаралық іс-шаралар аясында өзге елдің басшыларымен 27 рет кездескен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу