Мемлекет басшысы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

608

Бұл туралы inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты Фото: akorda.kz

Президент елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті.

Содан кейін президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша отандасымызға зор денсаулық, амандық тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу