Мемлекет басшысы Өзбекстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

336

Бұл туралы Ақорданың баспасөзі мәлім етті.  

Мемлекет басшысы Өзбекстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын бұл мереке өзбек халқының мерейін асқақтата түсетінін атап өтті.

– Қазақстан халқы бауырлас Өзбекстанның жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз ғасырлардан тамыр тартатын достықты, тату көршілік пен халықтарымыздың арасындағы өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Сан қырлы ынтымақтастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына сай бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді. Бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табыстарымызды еселеп, елдеріміздің игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу