Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

787

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

Қымбатты отандастар!

Еліміздегі православ христиандарын көктемнің жарқын мерекесі – Пасхамен құттықтаймын!

Бұл қастерлі мейрам жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақынға жанашыр болып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге үндейді.

Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті  дәріптейді.  

Жаһандық індет бәрімізді сынға салған қазіргі кезеңде жалпыадамзатқа ортақ осы құндылықтардың маңызы артып, өзара түсіністікті, татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізуде.

Бүгінгі шуақты мереке әр шаңырақты бақыт пен қуанышқа бөлей берсін! 

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Пасха мерекесі құтты болсын!

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу