Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады

880

Президент ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды. 

Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Президенті Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу