Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Омскіде өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын талқылады.
"Сочиде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткіздім. Екіжақты қатынастарымыздың күн тәртібіндегі мәселелерді және Омскіде өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын талқыладық. Стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастығымыз нығая беретініне кәміл сенемін", - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-де.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге келді. Қ.Тоқаев "Валдай" Халықаралық пікірталас клубының XVI жылсайынғы отырысы алаңында ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізді.