ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал ететінін, ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейтінін айта келе, мемлекет басшысы қасиетті айдың баршаға жақсылық пен бақ-береке әкелуін тілейді.
"Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл", – делінген Президенттің құттықтау сөзінде.