Мемлекет басшысы: Реформалар халықтың тілегі мен заманның талабына сай жасалуда

Президент биыл еліміздегі бағдарламалар мен кешенді жоспарлардың кейбірі тоқтайтынын жеткізді.  

Мемлекет басшысы: Реформалар халықтың тілегі мен заманның талабына сай жасалуда Фото: Ақорда

Бұл туралы Бурабайдағы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Біз біртіндеп барлық салада ауқымды реформалар мен нақты өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз. Оның бәрі халықтың тілегі мен заманның талабына сай жасалуда. Бұл жердегі түпкі мақсат – барлығын өзгерту емес. Ең бастысы – атқарылып жатқан шаруаны оңтайландырып, оның тиімділігін арттыру.

Алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі – жекелеген бағыттар бойынша мемлекеттік аппараттың жұмысын жүйелеп, ретке келтіру.

Өздеріңізге мәлім, елімізде түрлі салаға қатысты бағдарламалар мен кешенді жоспарлар бар. Биыл осындай бірқатар құжаттың мерзімі аяқталады. Әрине, оның кейбірі жалғасады, кейбірі мүлдем тоқтатылады. Үкімет мұқият ойластырып, нақты шешім қабылдауы керек, – деп сөзін нақтылап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу