Мемлекет басшысы ресейлік Кузбасс кеншілерінің қазасына байланысты көңіл айтты

1061

Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы ресейлік Кузбасс кеншілерінің қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы "Листвяжная" шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу