Мемлекет басшысы ресми сапармен Италияға барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы ресми сапармен Италияға барды Фото: akorda.kz

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаевты күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар, Президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу