Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесті

142

Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесті Фото: Ақорда

Тараптар саяси және сауда-экономика салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың даму перспективасын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Мемлекет басшысы Руандамен берік әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Президент Поль Кагаме еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу