Мемлекет басшысы Румыния Президентін құттықтады

71

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Румыния Президентін құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу