Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

166

Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Қырғыз халқына алғыс айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті. 

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.  

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. 

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. 

Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу