Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазынаның" жобалары бойынша бірқатар тапсырма берді

812

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.  

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазынаның" жобалары бойынша бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысына Қордың жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері туралы баяндалды.

Алмасадам Сәтқалиев биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына 8 981 миллиард теңге кіріс кіргенін және оның жоспарланған мөлшерден 20 пайызға артық екенін айтты. Компаниялар тобының операциялық табысы – 1 256 миллиард теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседен көп. Оған мұнай бағасының қымбаттауы, жүк тасымалынан түсетін кірістің артуы, транзиттің өсуі және басқа да өндірістік көрсеткіштер ықпал еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының жобалары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу