Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерін құттықтады

203

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерін құттықтады Фото: Ақорда

Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыстар, ал сауд халқына баянды өркендеу, құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу