Мемлекет басшысы Сейіт Қасқабасовтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

112

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Сейіт Қасқабасовтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты Фото: taulik.kz

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты. 

– Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу