Мемлекет басшысы Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты

1045

Президент Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезовпен ескерткіш алдында суретке түсті.

Мемлекет басшысы Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты

Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев.

Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу