Мемлекет басшысы Сенат отырысына қатысып жатыр

423

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың Телеграм-арнадағы ресми парақшасына сілтеме жасап.  

Мемлекет басшысы Сенат отырысына қатысып жатыр Фото: senate.parlam.kz

Отырыста Мемлекет басшысы еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Былтыр конституциялық реформаның қолға алынғанын еске салды.

"Ата заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің Жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды.

Депутаттардың жартысына жуығы жаңарды. Мұнда әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді. Осылайша, Сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл Палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған", - деді Президент.

Оның пайымынша, палата өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.

"Осы орайда, баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа депутаттар Сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу