Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

160

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар Қазақстан Президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. 

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу