Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске карантин шараларын жеңілдетуге шақырды

1058

Президент Тоқаев бизнесмендермен кездесу барысында "омикрон" штамы туралы айтып, шағын және орта бизнеске шектеулерді жеңілдетуге шақырды.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске карантин шараларын жеңілдетуге шақырды

"COVID-тің омикрон түрі жалпыға ортақ құбылысқа айналған сыңайлы. Адамдардың көпшілігі ауыруды бастан өткеруге мәжбүр. Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске, әсіресе қызмет көрсету саласына қатаң карантин қолдану тиімді ме? Тәжірибе нені көрсетеді? Үкіметке осы мәселені егжей-тегжей қарауды ұсынамын. Шағын және орта бизнесті тұншықтырып, экономикалық теңсіздік тудырудың керегі бар ма?", – деді Тоқаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу