Мемлекет басшысы шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

551

Мемлекет басшысы шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетел елшісінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Президентке сенім грамотасын табыс еткендердің арасында Марокко Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Малайзия мен Грузияның және Моңғолияның елшісі бар.

Ресми шара кезінде сөз алған елбасы: "Сіздер Қазақстандағы қызметтеріңізді мемлекет үшін маңызды кезеңде бастағалы тұрсыздар. Халыққа арнаған жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруын қамтамасыз ету міндетін белгіледім. Күш-жігерімізді елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құруға бағыттайтынымызды айттық", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу