Мемлекет басшысы Швейцария елін Ұлттық күнімен құттықтады

200

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Швейцария елін Ұлттық күнімен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай осы елдің Президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Президент осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу