ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алу рәсімі басталды

221

Мемлекет басшылары Тәуелсіздік сарайына жиналып жатыр. 

ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алу рәсімі басталды Фото: akorda.kz

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысушыларды қарсы алу рәсімі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен алғашқы болып Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар қол алысып, суретке түсті. Осыдан кейін Президент мәртебелі мейманды конференция залына шығарып салды.

Қарсы алу рәсімінің соңында ұйымға мүше мемлекеттерден келген делегациялардың басшылары бірлесіп суретке түседі.

Айта кету керек, Іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы, ШЫҰ Бас хатшысы мен ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры, ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады. 

ШЫҰ саммиті алғаш рет "ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы" және "ШЫҰ+" кездесуі форматында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу