Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді.
Әңгіме барысында Елбасы Қазақстанның алдағы кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты, деп мәлім етті Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты өз пікірін білдірді.
Араб әлемі елдеріндегі хабар таратушы ірі компанияның бірі болып саналатын CNBC Arabia – қаржы-экономика тақырыбына бейімделген, өңірлік және халықаралық ауқымдағы басты оқиғаларды жариялап-көрсетуге маманданған телеарна.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу