Мемлекет басшысы Сочиге барды

704

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. 

Мемлекет басшысы Сочиге барды

Мемлекет басшысы "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге барды. Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Биылғы шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады.

"Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері бойынша сөзжарыстар болады. Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған",– делінген хабарламада.

Биыл "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысып жатыр.

Айта кетсек, пленарлық сессиядағы Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзін "Хабар 24" телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен шамамен сағат 20:00 мен 21:00 аралығында көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу