Мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

912

Екі ел басшысы Қазақстан Президентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапарының аясында қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі арттыруға бағытталған алдағы өзара іс-қимылдарды талқылады.

Мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Президентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапарының аясында қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі арттыруға бағытталған алдағы өзара іс-қимылдарды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық және береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу