Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президентін қабылдады

230

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президентін қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Судьяларының IX съезі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) президенті Франческо Депаскуалемен кездесіп, сот жүйесінің реформасы жөнінде пікір алмасты.

Президент Ұйым сот төрелігінің халықаралық стандарттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Қазақстан тарапы құқық қорғау механизмдерінің озық тәжірибесін отандық сот жүйесіне енгізуге айрықша мән беретініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте сот жүйесін реформалау және заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады.

Өз кезегінде Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу