Мемлекет басшысы Степногорск қаласындағы аулалардың бірін аралады

516

Президент Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Степногорск қаласындағы 6-шы шағынауданның ауласын аралады.

Мемлекет басшысы Степногорск қаласындағы аулалардың бірін аралады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев үй маңындағы аумақта жасалған жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Қала аулаларында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынып, тренажерлер орнатылған, тротуарлар жасалған, көлік тұрағы орындарының саны көбейтіліп, жолдар асфальтталған.

"Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында Степногорск қаласының әкімдігі үшінші жыл қатарынан абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Іске асырылатын жобаларды тұрғындардың өздері дауыс беру арқылы таңдайды. 2023 жылы Ақмола облысында аулаларды жөндеуге өңірлік бюджеттен 900 миллион теңге бөлінді, оның жартысы Степногорск қаласына арналған.

Қала тұрғындарымен әңгімелесу барысында Президент Степногорск қаласының дамуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Жергілікті ЖЭО мен жылу желілерінің жағдайы – Степногорск тұрғындарын алаңдататын маңызды мәселелердің бірі.

– Осы кәсіпорындағы жағдаймен танысқаннан кейін бұл мәселелерді мұқият саралауға шешім қабылдадым. Үкіметке әкімдікпен және кәсіпорын иелерімен бірлесе отырып, іс-әрекет алгоритмін әзірлеуге, шешімдер қабылдауға тапсырма бердім, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу