Мемлекет басшысы студенттердің стипендиясын көтеруді ұсынды

1320

Президент кадр мәселесі жедел шешімді қажет ететін  маңызды әрі күрделі проблема екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы студенттердің стипендиясын көтеруді ұсынды

Президент медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің стипендиясын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Біз дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысын көтеріп жатырмыз. Осыған дейін педагог мамандығына оқып жатқан студенттердің стипендиясын арттыру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам оңтайлы көрсеткіш берді. Сондықтан медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің стипендиясын көтеру қажет",  деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу