Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

155

Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті.

Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шинго Уэно Мемлекет басшысына "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады.

Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу