"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, Президент қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселесі бойынша заңға, сонымен қатар экологиялық құқықбұзушылық және вандализм үшін жауаптылықты күшейту туралы заңға қол қойды.