Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті

1291

Ол саладағы негізгі мәселелерді атап өтті.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, 2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін", – деп жазылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Тұжырымдамада алдағы уақытта шешілуге тиіс негізгі проблемалар көрсетілген.

"Күнделікті өмірде азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимылында "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық көптеген салада сақталып отыр. "2020 жылғы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" атты "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа сезімтал органдар мен мекемелердің тізбесі жыл өткен сайын өзгермейді. Мемлекеттік емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, ХҚКО, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары. Соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымының едәуір бөлігін алып отыр. Бұл парақорлық деректерінің 50%-дан астамы", – деп жазылған құжатта.

Жемқорлық дерегінің азаймауына әкімшілік кедергілер, екі мағыналы және дискрециялық нормалар, мемлекеттік органдардың тиісті деңгейде ашық болмауы, баламалы (қағаз) негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесінің жоғары болуы негізгі себеп болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу