Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Өз кезегінде Мұрат Нұртілеу министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.
Сыртқы істер министрі сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.