Мемлекет басшысы Тәжікстан мен Армения президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.
Армения президенті Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Армен Саркисянға ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.
Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.