"Орталық Азия+Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.
Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.
Еске салайық, Мемлекет басшысы бүгін, сондай-ақ, Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті.