Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

402

Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді Фото: akorda.kz

Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалады.

Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы да атап өтілді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу