Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне жеделхат жолдады

561

Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандықтардың атынан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды, сондай-ақ бүкіл тәжік халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне жеделхат жолдады

– Бауырлас Тәжікстан бұл айтулы күнге халықаралық аренада маңызды рөл атқаратын беделді мемлекет ретінде жетіп отыр. Құрметті Эмомали Шәріпұлы, әлемдік қауымдастық Сізді мемлекеттілікті нығайтуға және ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан, нағыз жалпыұлттық көшбасшы ретінде таныды, – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тәжікстанмен ғасырлар бойғы достықты, өзара қолдау мен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген байланыстарды нығайтуға баса мән беретінін атап өткен.

– Біз өзара күш жұмылдыра отырып, елдеріміз арасындағы көпжақты ықпалдастықтың қарқынды дамуына тың серпін бере аламыз және қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының көкжиегін кеңейтеміз, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, бауырлас Тәжікстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу