Мемлекет басшысы "Торғай – Ырғыз" бағытындағы автожол құрылысын жеделдетуді тапсырды

370

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.  

Мемлекет басшысы "Торғай – Ырғыз" бағытындағы автожол құрылысын жеделдетуді тапсырды Фото: inbusiness.kz

Президент Үкіметке "Торғай – Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, автожол құрылысы 2025 жылдың 14 маусымында басталған болатын. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.

Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс "Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 865 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу