Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды

416

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды Фото: primeminister.kz

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды", – деп хабарлады Ақорда. 

1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.

2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2014–2017 жылдары – Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.

2017–2020 жылдары – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2020–2023 жылдары – Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2023–2024 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.

ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу