Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу