Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

193

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу