Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын мақұлдады

610

Қор капиталы бастапқыда 10 мың акцияны құрайды.  

Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын мақұлдады Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі инвестициялық қорын құру туралы  келісім жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қоса беріліп отырған Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", - делінген Жарлықта.

Қордың мақсаты – өңірішілік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу.

"Қордың жарғылық капиталы 500 миллион долларды құрайды. Жарғылық капитал әрқайсысының номиналды құны елу мың доллар болатын он мың акцияға бөлінуге тиіс", - делінген құжатта.

Түркі инвестициялық қоры өз мақсатына жету үшін инвестициялық қызмет арқылы мынадай функциялар мен өкілеттіктерді орындайды:

  • өңірішілік сауданы дамытуға көмек көрсету;
  • жобаларды, атап айтқанда, микро-, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру;
  • халықаралық және ұлттық қаржы институттарымен және даму институттарымен, сондай-ақ сауда палаталарымен және жекеше ұйымдармен ынтымақтасу және бірлесіп қаржыландыру;
  • көліктік және логистикалық тізбектерді, қоймалық және өндірістік қуаттарды кеңейтуді қолдау;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қоса алғанда, физикалық және цифрлық инфрақұрылым жасауды және оны жаңғыртуды қолдау;
  • өнеркәсіп өндірісін, инфрақұрылымды, көлікті, ауыл шаруашылығын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және туризмді қоса алғанда, өзара мүдделі салаларда даму жобаларын қолдау;
  • энергия тиімділігіне, жаңартылатын энергия көздеріне және қоршаған ортаны қорғауға инвестиция салу арқылы "жасыл экономиканы" дамытуға ықпал ететін жобаларды қаржыландыру;
  • егер бұл қажет деп табылса, инвестициялық жобаларды дайындауға көмек және қаржылық қолдау көрсету;
  • қордың мақсатына қол жеткізуге ықпал етуі ықтимал қызметтің басқа да түрлерін жүзеге асыру және басқа да көрсетілетін қызметтерді ұсыну.

Қазақстаннан бөлек құжатқа Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері де қол қояды.

Қордың халықаралық қаржы ұйымы мәртебесі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу