Мемлекет басшысы Түркістандағы "Сапар орталығының" жұмысымен танысты

601

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ хандығы" атты залда орналасқан экспозицияларын аралады.  

Мемлекет басшысы Түркістандағы "Сапар орталығының" жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы "Сапар орталығының" жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Сапар орталығы" биыл іске қосылған өңірдегі маңызы зор нысан. Қазақстан Президентіне туристік нысандарды бірыңғай электронды билетпен қамту жүйесі, туристерге ұсынылатын маркетингтік ақпарат және аудиогид материалдары жөнінде баяндалды.

Жалпы көлемі 2092 шаршы метр аумақты алып жатқан орталықта 54 адам жұмыс істейді. Олар Түркістанға келген туристерге бағыт-бағдар беріп, қажетті материалдармен қамтып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ хандығы" атты залда орналасқан экспозициялармен танысты. Сонымен қатар Президент қолдан жасалған көне кілемдердің көрмесін аралап көрді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу