Түркияның әскери ұшағы Грузияда апатқа ұшырады: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

114

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түркияның әскери ұшағы Грузияда апатқа ұшырады: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты Фото: am.sputniknews.ru

Грузия мен Әзербайжан шекарасына жақын жерде Түркияның әскери C-130 "Геркулес" ұшағы құлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, әскери ұшақ Әзербайжаннан ұшып шығып, Түркияға қайтып бара жатқан кезде апатқа ұшыраған.

Қазір Анкара мен Тбилиси бірлесіп іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұшақ бортында Бакудегі әскери шеруге қатысқан сарбаздар болған. Олар Ыстанбұлға қайтып келе жатқан.

Болжам бойынша, әскери ұшақтағылардың барлығы қаза тапқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайып Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу